Хабарлама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының (01.03.2023 №56 бұйрығы өзгерістермен) бекітілген «Орта білім ұйымдарында , оның ішінде мамандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі» 5- тарау,33 тармақ,4 – тармақшасына сәйкес «№20 жалпы орта білім беретін мектеп –лицейі» КММ-сі 2023 -2024 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің қайта құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды.
«№20 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ Қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің өтініштерін қабылдау Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі,75 «А» мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: e-mail: school20@mail.kz
байланыс телефоны: 8 (7132) 74- 90 -39, 8777 784 25 43.
Үміткерлер Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтінім (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.